Қажеті жоқ телефон әңгімелері, түнге дейінгі жұмыстар, іш пысарлық
жиналыстар мен күнделікті қауырт тапсырмалар тудыратын стресс — осының
бәрінен де құтылуға болады. Уақытты босқа өткізбес үшін жұмыс күніңізді
дұрыс құрайтын болсаңыз, болғаны. Өз уақытыңызды басқарып отыру өнері
тайм-менеджмент деп аталады.