Іскер-ханымның шкафында
Сіз жұмыс іздеп жүргенде, қызметте жоғарылау жағын жоспарлаған кезде немесе басқа компанияға леди-босс лауазымына ауысамын дегенде, гардероб — табысқа жеткізудің маңызды бөлшегі екенін ұмытпаңыз. Имиджмейкердің кеңестері қиын таңдау жасауыңызға көмектеседі.
Жұмыс іздеп жүрміз: пікірлесуге қалай киіну керек
Егер де жұмысберушіге ең білікті, сенімді және кәсіби, яғни ең сәтті үміткер — өзіңіз екенін сендірем десеңіз, іскер костюмін киіп келіңіз. Ол сіздің сенімділігіңіз бен беделділігіңізді жеткізіп тұруы тиіс, ең ұтымды түрі — қоңырлау монохроматты түстес (суреті жоқ) және классикалық үлгідегі костюм.
Түс. Бейтарап түстер — әмбебап және кәсіби, бұлар: қара, сұр, күңгірт-қара және сарғыш. Алайда, қоңыр түстес киімді байқап киіңіз: ол маусымға қарай киіледі, таза емес көрінуі мүмкін, көп ретте басқа түстермен үйлеспейді.
Туфли. Қозғалу кезінде өзіңізге ыңғайлы болатындай өкшенің биіктігін және аяқ киім сүйір жағының формасын таңдаңыз. Туфлиді күннің соңына қарай сатып алған жөн, себебі сол кезде табан аздап ісіп кетеді. Жұмысқа туфлидің сүйір жағы ашық болып келетін немесе сабо сияқты аяқ киім жарамайды. Сөмкеңізбен бір түстес болмаса да жарар, алайда, олар үйлесіп тұруы қажет.
Сөмке. Қара түс байсалды және әмбебап көрінеді, теріден жасалған сөмке — сапалықтың белгісі. Терісі тегіс болып келетіндер байсалды, әрі жинақы көрінеді, алайда, ондайлар терісі тегіс емес сөмкелерге қарағанда тез ескіріп қалады. Сөмкенің көлемі сіздің габаритіңізбен сәйкес болуы тиіс.
Mojazaplata.kz
09.11.09
kz.mojazarplata.org/Kazakhstan
2009-11-09



Предыдущий: Женский POL на страже порядка
