Телефонмен сұхбаттасу — табысқа жетудің алғашқы қадамы

Бүгінде қызметкерлер құрамына жауап беретін менеджерлер үміткерлермен алғаш танысу үшін телефонмен сұхбат өткізеді. Телефонды сұхбат — бұл минималды уақыт ішінде ондаған үміткерлердің ішінен қажетті бірнешеуімен жеке кездесуге мүмкіндік беретін көп сатылы баға берудің бір кезеңі.
Заполните Анкету о Работе и Зарплате


Бүгінде қызметкерлер құрамына жауап беретін менеджерлер үміткерлермен алғаш танысу үшін телефонмен сұхбат өткізеді.

Телефонды сұхбат — бұл минималды уақыт ішінде ондаған үміткерлердің ішінен қажетті бірнешеуімен жеке кездесуге мүмкіндік беретін көп сатылы баға берудің бір кезеңі. Үміткер телефонды сұхбаттасуға дайын болуы қажет. Ауызша сөйлеу арқылы өзіңізді жақсы жағыңыздан көрсетумен қатар қызмет бос орыны жайында да көбірек біліп алу қажет.

Телефонмен сұхбаттасудың мақсаттары

Телефонды сұхбаттасудың мақсаты — үміткерлердің алғаш сұрыпталуы. Бірінші кезекте интервьюер сізден бос орынның сіз үшін қаншалықты маңызды, жұмысты ауыстырудың себебі не және жаңа қызметке қай уақытта кірісе алатыныңыз қызықтырады.

Сұхбаттасудың екінші кезегінде қызмет атқару фактілері нақтыланады. Сонымен қатар, сіз ойлаған жалақы мөлшері жайында сұрақтар болуы мүмкін. Телефонды сұхбаттасу нәтижесінде бос қызмет орнының талаптарына сай келмейтін үміткерлермен жеке кездесуге кететін уақыт үнемделеді.

Жұмысберушімен телефон арқылы сөйлескенде өзіңізді жақсы жағынан қалай көрсеткен дұрыс

Біріншіден, сізге қоңырау шалды — қуануға болатын жайт, сіздің түйіндемеңіз қызықтырды. Екіншіден, әңгімеге дайындалыңыз, ол бес минуттан жарты сағатқа дейін созылуы мүмкін. Сол себепті жан-жағыңызға қарап алыңыз: әңгіме кезінде сізге ешкім және ештеңе кедергі жасамауы керек. Егер де бір себептермен әңгімелесуге ыңғайсыздық туындап жатса, кешірім сұрап, интервьюермен кейін хабарласуға келісіп қойыңыз.

Телефонмен сұхбаттасудан сәтті өту үшін Mojazarplata.kz-тен бірнеше кеңес:

  • Интервьюер танысып, аты-жөнін айтқаннан кейін «танысқанымызға қуаныштымын» деген ишарат білдіріңіз.
  • Тік отырып, арқаңызбен ештеңеге сүйкенбеңіз — бұл дауысыңызға қосымша сенімділік береді.
  • Өз-өзіңізді қысқаша таныстыруға дайын болыңыз (біліміңіз, шеберлігіңіз, машығыңыз, жұмыс тәжірибеңіз).
  • Паразит-сөздерді мүлдем қолданбаңыз.
  • Алдын ала қойын дәптер мен қаламды дайындап қойыңыз, сұхбаттасудан кейін сізді компанияның офисіне шақыруы мүмкін.
  • Әңгімелесу кезінде қызмет бос орны, компанияның ерекшеліктері, мекені т.б. жайында көбірек ақпарат алуға құқыңыз бар.
  • Әңгімелесіп болған соң үміткер ретінде сізге қызығушылық білдірілгені үшін алғысыңызды жеткізіп, сәттілік тілеуге ұмытпаңыз.

Және соңғы кеңес — жымиыңыз. Телефонмен сөйлескен кезде ол көрінбесе де, естіледі. Дауысыңызда күлімсіреу пайда болса, ақкөңілділік пен оптимизм сезіледі, осыдан интервьюер сіз жайында жағымды пікірде қалады.

Mojazarplata.kz

26.01.10

Жұмыс беруші сұхбатқа шақырғанда қанша жалақы сұрайтыныңызды білесіз бе? Жұмыс пен жалақыға қатысты сауалнамаға назар салыңыз.

loading...