Түйіндеме жайлы түйін сөз

Жұмыс берушінің қолына тиетін түйіндеменің еш сиқыры жоқ екені айтпаса да түсінікті ғой. Алайда осы түйіндемені әзірлеуде оның мәні (ол не үшін қажет?) мен маңызына (түпкі мақсаты қандай?), оны рәсімдеудің тәсілдеріне жете бойлай бермейміз. Нәтижесінде бір жапырақ қағазымыздың ғұмыры қоқыс жәшігінде аяқталады.
Заполните Анкету о Работе и Зарплате


Жұмыс берушінің қолына тиетін түйіндеменің еш сиқыры жоқ екені айтпаса да түсінікті ғой. Алайда осы түйіндемені әзірлеуде оның мәні (ол не үшін қажет?) мен маңызына (түпкі мақсаты қандай?), оны рәсімдеудің тәсілдеріне жете бойлай бермейміз. Нәтижесінде бір жапырақ қағазымыздың ғұмыры қоқыс жәшігінде аяқталады. 

Еңбегіңіз еш кетпес үшін төменде түйіндемеге қатысты қалыптасқан негізгі көзқарастарға тоқталамыз. 

1 пайым: Түйіндемеде бұрынғы қызмет орындары мен ол жерде атқарған міндеттер түгел тізіліп көрсетілуі керек. 

Шындығында сан мыңдаған түйіндемелердің бәрі осындай мазмұнда. Бірақ түйіндеменің қай түрі сізге қолайлы екенін өзіңіз анықтайсыз. Ең бастысы, қағаздағы мәліметке қарап, жұмыс беруші барлық қабілетіңізді бағалай алады деп ойламаңыз. Есіңізде болсын, түйіндеме жазғанда ең бастысы, өзіңіз жақсы атқара алатын міндеттерді ерекшелеңіз. Себебі қандай жұмыс атқарғаныңыздың бәрін болашақ басшыға айта беру шарт емес. Сіздің қабілетіңіз бен мақсатыңыз компанияның алдына қойып отырған мүдделерімен қоса өрілгені жөн. 

2 пайым: Түйіндемедегі «мақсат» деген бөлімнің қажеті шамалы 

Бірақ шындығында дәл осы «мақсаты» деген бөлімге қарап, төмендегідей жайттарды көрсетуге болады: Бұл бөлім арқылы жұмыс беруші сіздің кім екеніңізді, нені қалайтыныңызды және оны сізге қалай бере алатынын түйсінеді. Мақсат — түйіндеменің негізгі құрылымын қалыптастырады. Аталған мақсат болмаған кезде жұмыс беруші оны өзі ойша толықтырып, сіздің талабыңызбен үйлеспейтін мәліметтерді үстеуі мүмкін. Есіңізде болсын, сіздің мақсатыңыз түйіндемеңіздің өзегі. Қалғанының барлығы соның айналасында үйіріледі.

 3 пайым: Басшылар әдетте ұзын-сонар түйіндемелерге назар аударады

Ал шындығында жұмысқа қабылдаушы адамдар көлемі 1-2 беттен аспайтын мәліметті оқығанды жөн көреді. Себебі: Осы көлемге негізгі мәліметтің барлығын сыйдыруға болады (қосымша мәліметтер жұмысқа қабылдаудың келесі бір кезеңінде, яғни сұхбат барысына сақталады). Түйіндемедегі мәліметтердің көптігінің салдарынан сіздің көпшіліктің арасында жоғалып кетуіңізге түрткі болуы ықтимал. Есіңізде болсын, түйіндемеңіз жұмыс берушіңіздің көздеп отырған мақсаттарымен жымдасуы керек (яғни, сіз бұл компанияның өркендеуіне қалай үлес қоса аласыз), сіздің бұрынғы өміріңізден алынған үзік сырлар аса қызық емес. 

4 пайым: Еңбегіңіздің құнын қаперіңізден шығармаңыз 

Көздеп отырған жалақыны түйіндемеде көрсету үлкен әбестік болып көрінуі мүмкін. Себебі түйіндемені әзірлеп, жан-жаққа жібергенде сіз әлдекімнің тарапынан шақырылғаныңызды қалайсыз. Сол кезде ғана сіз өзіңізді жарқыратып көрсетіп, болашақ жұмысқа тұру үшін қойылатын талаптармен таныса аласыз. Жұмыс берушінің көңілінен шығып, жұмысқа қатысты барлық мәліметпен қаныққан соң ғана сіз жалақы мәселесін талқылауға хақыңыз бар. Есіңізде болсын, жалақы мәселесі тікелей сұхбат кезінде талқылануы тиіс. Сол кезде «саудаласуға» да мүмкіндігіңіз туады. 

5 пайым: Түйіндемемен бірге кепілхат пен оны ұсынушылар туралы мәлімет қоса тіркелуі қажет 

Шындығында түйіндемеге ондай мәліметті тіркеудің еш қажеті жоқ. Бар болғаны «қажет болған жағдайда кепіл хаттар ұсынылады» деп көрсетсе болғаны. Сіз үшін кепіл болып отырған кісіні алдын ала құлақтандырып қоюды да ұмытпаңыз. Осылайша, сізді ұсынып отырған адам телефон қоңырауларына дайын болып, кенеттен қойылған сауалдарға жауап бере алады. 

Есіңізде болсын, көптеген жұмыс берушілер кепіл хаттарға назар аудармайды. Десе де кез келген жағдайға дайын болыңыз. 

Жұмыс беруші сұхбатқа шақырғанда қанша жалақы сұрайтыныңызды білесіз бе? Жұмыс пен жалақыға қатысты сауалнамаға назар салыңыз.

Mojazarplata.kz

3.12.09

loading...