Іскер-ханымның шкафында

Заполните Анкету о Работе и Зарплате


Сіз жұмыс іздеп жүргенде, қызметте жоғарылау жағын жоспарлаған кезде немесе басқа компанияға леди-босс лауазымына ауысамын дегенде, гардероб — табысқа жеткізудің маңызды бөлшегі екенін ұмытпаңыз. Имиджмейкердің кеңестері қиын таңдау жасауыңызға көмектеседі.

Жұмыс іздеп жүрміз: пікірлесуге қалай киіну керек 

Егер де жұмысберушіге ең білікті, сенімді және кәсіби, яғни ең сәтті үміткер — өзіңіз екенін сендірем десеңіз, іскер костюмін киіп келіңіз. Ол сіздің сенімділігіңіз бен беделділігіңізді жеткізіп тұруы тиіс, ең ұтымды түрі — қоңырлау монохроматты түстес (суреті жоқ) және классикалық үлгідегі костюм.

Түс. Бейтарап түстер — әмбебап және кәсіби, бұлар: қара, сұр, күңгірт-қара және сарғыш. Алайда, қоңыр түстес киімді байқап киіңіз: ол маусымға қарай киіледі, таза емес көрінуі мүмкін, көп ретте басқа түстермен үйлеспейді. 

Туфли. Қозғалу кезінде өзіңізге ыңғайлы болатындай өкшенің биіктігін және аяқ киім сүйір жағының формасын таңдаңыз. Туфлиді күннің соңына қарай сатып алған жөн, себебі сол кезде табан аздап ісіп кетеді. Жұмысқа туфлидің сүйір жағы ашық болып келетін немесе сабо сияқты аяқ киім жарамайды. Сөмкеңізбен бір түстес болмаса да жарар, алайда, олар үйлесіп тұруы қажет. 

Сөмке. Қара түс байсалды және әмбебап көрінеді, теріден жасалған сөмке — сапалықтың белгісі. Терісі тегіс болып келетіндер байсалды, әрі жинақы көрінеді, алайда, ондайлар терісі тегіс емес сөмкелерге қарағанда тез ескіріп қалады. Сөмкенің көлемі сіздің габаритіңізбен сәйкес болуы тиіс.

Мансапкерлік жолында 

Сонымен, жұмысқа тұрдыңыз. Келесі әрекет — жұмыс гардеробыңызды құрастыру. Ол үшін шкафыңыздағы костюм санын көбейту және оларды бір-бірімен үйлестіру үшін қосымша киім алу керек. 

Костюмдер. Сізге негізгі төрт костюм қажет болады: қара, күңгірт-көк, сұр және сарғыш. Костюмның әр элементі басқа киіммен дұрыс үйлесімін тапса, басқа да көптеген топтамаларды құрай алады. 

Жейделер. Сізге сарғыш, ақ, қара, сұр атласты, монохроматты футболка, күңгірт-көк түстес «поло», водолазка, сұр жемпір, «тауық табан» суреті бар жемпір, қызғылт атласты блузка, мақта-маталы сызықты блузка қажет болады.

Туфли. Өз костюмдеріңізге сай келетін өкшесі биік емес қара қайықша-туфли, өкшесі биік емес қоңыр күдері туфли, сарғыш қайықша-туфли алыңыз. 

Сөмкелер. Cіздің гардеробыңызға классикалық үлгідегі қара және қоңыр, жолға арналған сөмкелер және қара портфель үйлесімді келеді.

Жұмысты жақсысына ауыстырамыз 

Жоғары лауазымға қол жеткізген әйелдің киім мен аксессуарларға деген талғамы да жоғары болуы тиіс. Гардеробының негізін, баяғыша, костюм құрайды, алайда, бұл мүлдем басқа костюм — ол байсалдылықтың әсерін қалдыру керек: сапалы материал, көрнекті бейне, мінсіз тігіс. Сонымен қоса, мәртебеңіздің жоғарылығын көрсету үшін сөмкелеріңіздің көлемін кішірейту қажет. Сүйірлеу пішіндегі кішірек сөмкелерді — сөмке-әмиян, папка немесе дипломатты таңдаңыз. 

Леди-боссқа арналған киім. Міндетті түрде екі жағы қапсырмалы пиджагы бар костюм сатып алыңыз, ол ең байсалды көрінеді. Костюм белден сәл тарылған ұзындығы тізеге дейін түзу белдемшеден тұруы қажет, иіні жақсы формада және сізге жарасымды, дәл келуі тиіс. Келесі элемент — ерлердің киіміне тән суретті көйлек-пальто: жіңішке сызық, ақ енсіз сызық, шотландка, «тауық табан». Бір жағы қапсырмалы пиджак жайында ұмытпаңыз, ол әрекеттерді өз қалауыңызша жасайтыныңызды көрсетеді. Пиджакты өзімен түстес көйлек немесе кашемирді жағасы кең ойылған жемпірмен кию керек. Табысқа жеткізетін тағы бір маңызды элемент — қызыл трикотажды костюм: тік жағалы, санға дейін ұзындығы және жасырын ілгегі бар жакет тізеге дейінгі белдемше мен қара лакталған қайықша-туфлимен немесе сірі жоқ туфлимен киіледі.


Mojazarpla.kz

09.11.09

Loading...