Бала күтуші мамандығы

Көбінде балалы үйге жұмыс істеуге баратын кім? Бала күтуші рөлінде әр түрлі жастағы, әр түрлі мамандықтардың иелері болады. Бала күтуші ер адам болған жағдайлар өте сирек, себебі бұл көбінде әйелдердің мамандығы.
Заполните Анкету о Работе и Зарплате


Бала күтуші мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарында білім бермейді, емтихан тапсырмайды, алайда, бұл мамандық өте танымал. Бұл жұмысқа қашанда сұраныс пен ұсыныс бар. Баланың әке-шешесі жұмыста болғанда балаға да, үйге де қарайтын — күтуші, баланың күн тәртібіне, денсаулығына, дамуына қарайтын да сол. 

Маманның бейнесі 

Көбінде балалы үйге жұмыс істеуге баратын кім? Бала күтуші рөлінде әр түрлі жастағы, әр түрлі мамандықтардың иелері болады. Бала күтуші ер адам болған жағдайлар өте сирек, себебі бұл көбінде әйелдердің мамандығы. 

Бала күтуші әйелдерді екі санатқа бөлуге болады. Бірі — өз балалары мен немерелерін тәрбиелеп шыққандар және қазір зейнетақысына қосымша ақша тауып жүргендер. Әдетте, бұрында олар дәрігер мен педагог болып жұмыс істегендер және балалармен қарым-қатынас жасауда тәжірибесі бар адамдар. 

Екіншісі — біріншілерге қарағанда жас, өз мамандығы бойынша әзірге жұмыс таппай немесе негізгі жұмыста жалақы мөлшеріне қанағаттанбағандар. Көбінде, олардың өз балалары жоқ, бірақ сіңлі-інілерін бағып, балабақша не балалар лагерінде жұмыс істеп, тәжірибе жинақтаған болуы мүмкін. 

Бала күтуші әйелдерді екі санатқа бөлуге болады. Бірі — өз балалары мен немерелерін тәрбиелеп шыққандар және қазір зейнетақысына қосымша ақша тауып жүргендер. Екіншісі — біріншілерге қарағанда жас, өз мамандығы бойынша әзірге жұмыс таппай немесе негізгі жұмыста жалақы мөлшеріне қанағаттанбағандар. 

Европа мен Америкада бала күтуші — көбінде жоғарғы сыныптың қыздары, олар көршілерінің балаларын бағуға кешке қарай немесе демалысқа келеді. Бебиситтерлік — жасөспірімдер үшін ақша табудың жақсы әдісі. Елімізде бұл үрдіс әзірге көп тарамаған. Бұрында бала күтушілердің арасында зейнеткер-әйелдер көп болатын, ал соңғы жылдары жағдай өзгерді, енді бұл мамандықтың иелері көбінде 30-40 шамасындағы әйелдер. Әсіресе өз балалары немесе балалармен жұмыс жасауда тәжірибесі бар болса, тіпті жақсы. 

Білімі мен балалармен жұмыс жасауда тәжірибесі бар болумен қатар, жеке басына қатысты бас талап — балаларға деген сүйіспеншілік. Кез келген баланың жүрегіне жол табу үшін бала күтушінің педагогика мен психологиядан хабары болуы қажет. Оған жауапкершілік пен тіл тапқыштық тән. Себебі бала — оларға сеніп тапсырылатын ең бағалысы. 

Бала күтуші — бұл тәрбиеші мен мұғалім де емес. Керісінше, мектепте жұмыс жасағандардың тәжірибесі бұл мамандық үшін кедергі болуы мүмкін, себебі құралған жоспар бойынша бір топ балалармен жұмыс жасау мен бір баламен үнемі қарым-қатынаста болу — екі түрлі нәрсе, соңғы жағдайда баламен байланыс жасап, тіл табысудың жеке жолын іздеу қажет. 

Негізгі міндеттер 

Бала күтушінің негізгі міндетін болашақ жұмыс беруші, яғни ата-ана анықтайды. Баланың жасы да маңызды: еметін бала мен 4 жастағы бала үшін әр түрлі талаптар қажет. 

Негізгі міндеттерге: баланы бағу, киімі мен ойыншықтарының тазалығына қарау, тамақтандыру, күн тәртібіне, сабағына, ойын мен серуендеуіне жауап беру сияқтылар жатады. 

Бала күтуші үшін әр отбасының өз жеке міндеттері болуы мүмкін. Кейде мамасы жоқта баламен отырып, ойнайтын күтушіні, кейде балаға да, үйдің тазалығына да, тамақ пісіруге де жауап беретін адамды іздейді. Кейде бала үшін медициналық және педагогикалық, психологиялық білімі бар адамды іздейді. Ата-ана бала күтушіден баланың ой-өрісін кеңейтуді, үйірмелерге апаруды және үй жұмысын тексеруді т.б. талап етуі мүмкін. Бала неғұрлым кішкентай болса, соғұрлым бала күтушінің медициналық дайындығы маңызды болады — күн тәртібіне, баланың гигиенасы мен денсаулығына дұрыс қарау керек. 

Негізгі міндеттерге: баланы бағу, киімі мен ойыншықтарының тазалығына қарау, тамақтандыру, күн тәртібіне, сабағына, ойын мен серуендеуіне жауап беру сияқтылар жатады. 

Ал баланың бөлмесін жинау, кір жуу және тамақ пісіру — қосымша міндеттер, ол бала күтушінің тікелей міндеті емес және бөлек айтылуы қажет. Осы міндеттер қосымша төлемақыны да талап етеді. 

Жалақы дәрежесі 

Бала күтушінің жалақысы бірнеше факторға байланысты: жұмыс графигі, міндеттер тізімі, біліктілігі мен жұмыс кезінде жинаған тәжірибесі. 

Қазақстанда бала бағудың орташа бағасы — сағатына 300 теңге. Көп отбасылар айлық жалақыны төлеуді жөн көреді, егер де бала күтуші күні бойы жұмыс берушінің үйінде тұрып жатса, бұл ыңғайлы. Айлық жалақы 30 000 теңгені құрай алады. 

Қазақстанда бала бағудың орташа бағасы — сағатына 300 теңге.

Егер де бала күтуші агентство арқылы жұмысқа тұратын болса, минималды жалақысы айына 20 000 теңге шамасында болуы мүмкін. Егер де бала күтуші жұмыс беруші отбасының территориясында тұратын болса, оның жалақысы ~ 65 000 теңге шамасында болуы тиіс. 

Бала күтуші — бұл жұмыс графигі әр қилы болатын мамандық. Кейде тек кешке не таңертең, кейде демалыста не аптаның бірнеше күнінде жұмыс істеуге
тура келеді.

Mojazarplata.kz

25.12.02

Тақырып бойынша материалдар:

loading...