Күйзеліс орнына киноға бару

Әйелдер ер адамдарға қарағанда екі есе көп шаршайды және қамығады екен. Сергек көңіл күйде қалып, күйзеліске жол бермес үшін не істеу керек?
Заполните Анкету о Работе и Зарплате


Әйелдер ер адамдарға қарағанда екі есе көп шаршайды және қамығады екен. Сергек көңіл күйде қалып, күйзеліске жол бермес үшін не істеу керек?

Әлсіздік пен торығудың себептері:

1. Нашар тамақтану. Егер де таңғы асты ішуге уақытыңыз болмаса, түскі аста құрғақтай тамақтанып, жатар алдында көп тамақ ішетін болсаңыз — организм міндетті түрде қажып кетеді.

2. Үй мен жұмыстағы стрестер — көбінде олардың серіктері — ұйқысыздық, тәбеттің болмауы, асқазанның ауруы, терлегіштік.

3. Физикалық салмақтың аздығы — осындай жағдайда организм қажетті оттегі мөлшерін ала алмайды.

4. Аяғына дейін емделмеген аурулар. Көп ретте бізге суық не тымау тисе, төсекте жатудың орнына, жұмысқа барамыз — бұл келешекте денсаулығымызға жағымсыз әсер етеді.

5. Дәрілерді қолдану, мысалы, бала бітірмейтін, аллергияға қарсы және бас ауруларына қарсы дәрілер.

Кәсіби шаршау деген не?

Шаршаудың бұл түрі еңбек қызметімен байланысты. Ол ешқашан да кенеттен пайда болмайды, сол себепті көп ретте оны алдын алуға болады.

Бұндай шаршаудың себептері көбінде: монотонды және қызықсыз жұмыс; аз жалақы; жұмыс үстеліңіздегі ретсіздік пен жұмыс тәртібінің тұрақсыздығы; уақытында демалыстың болмауы; кәсіби өсудің жоқтығы; жүктелген жұмысты атқара алмаушылық; еңбек ұжымыңыздағы шиеленістер мен басшылықпен конфликтілер; жағымды эмоциялардың жетпеушілігі және басқа.

Кәсіби шаршаудың белгілері: жеңілмейтін жұмысқа бармау құлшынысы; ашуланшақтылық пен күйгелектілік; әріптестермен дүрдараз қарым-қатынас; өз міндеттерді басқаларға жүктеу; жұмыс қабілеттіліктің төмендеуі.

Күйзеліспен күресудің жолдары:

1. Күн тәртібін өзгерту. Мысалы, бассейнге баруға немесе құрбылармен жиі кездестіруге болады. Егер де шаршау ауруға айналса, бірден жұмысты айырбастаған дұрыс — денсаулық бәрінен де қымбат.

2. Рационды өзгерту. Оған дәрумендерді қосып, майлы тамақты алып тастап, диеталардан аулақ болу. Жұмысқа жеміс, ірімшік, йогурт алу.

3. Қызықты хобби тауып алу. Бір нәрседен коллекция жасап немесе ең құрымаса киноға бару.

4. Күнделікті ортаны алмастыру. Уақытша қаладан кетіп қалуға немесе бөлмедегі жиһазды алмастырып/басқаша қоюға болады.

5. Кәсіби өсуді қолға алу. Ол үшін курстар мен тренингтерге бару қажет, арнайы әдебиеттер оқу керек.

6. Қызметтегі басымдылықтарды анықтау. Уақытыңыз қай жерде жоғалатынын нақты анықтап алу керек және өндіріс өнімділігін азайтпаудан аулақ болу.

7. Таза ауада жиі болу. Үйіңіздің не жұмысыңыздың қасында қандай парк пен бақтар бар екенін біліңіз, анда-санда болса да барып тұрыңыз.

8. Спорт секциясына жазылу. Кейде ең құырамаса таңертеңгі жаттығу жасасаңыз да жетеді.

Mojazarplata.kz

26.02.2010

Тақырып бойынша материалдар:

loading...