Әлеуметтік желілер: жұмыс іздеуде оларды қалай қолдануға болады

Әлеуметтік жүйелердің маңызды қызметтерінің бірі — жұмыс іздеу мүмкіндігі. Осыны өз тәжірибеңізде қалай жасауға болады, нені ескерту қажет және жұмыс іздеудің осы әдісі сізге ыңғайлы ма?

ВКонтакте және Одноклассники.ru үлкен аудиторияға ие болса да, жұмыс іздеймін деп барлық таныстарыңызға ескертіп, оны қосымша ресурс ретінде қолданған дұрыс. Осы желілердің профильдерінде қажетті кәсіби мәліметтерді көрсетуге мүмкіндік жоқ.

Жұмыс іздеуге арналған ең тиімді желілер — батыстық LinkedIn атты кәсіби әлеуметтік желілер. Осындай әлеуметтік желілерде қажетті қолданушылар аудиториясы және сізге қажетті нәрсені тауып беруге жағдай жасайтын техникалық мүмкіндіктер бар. Өзіңіздің профиліңізді түйіндеме ретінде қолдана аласыз, оның ішіне мамандығыңызды, біліміңіз бен қызмет орнын көрсетіп, сонымен қатар, осы желінің ішінде іскерлік таныстықтарыңыз да көрініп тұрады.Осылайша әріптесіңізді танитын кез келген адам сіз жайында біле алады. Кейбір әлеуметік желілерде жұмыс іздеу мүмкіндігі қолданушының өзіне беріледі, ал кейбіреуінде — қолданушыны мүдделі адамдардың өздері тауып алады.

Маркетинг маманы Наталья өзіне көмекші іздеп, жұмыс іздеуге арналған сайтқа бос орын бар екенін жариялаған және ештеңеге үміттенбей, твиттердегі блогына да осы ақпаратты жазған. Еш күтпестен екі күннің ішінде поштасына осыншама түйіндемелер түседі деп ойламаған маман көп ретте твиттердің көмегі тигенін байқады: «Үміткерлердің көбісі мен қойған шарттарға қарағанда қиындаулыларына келісуге дайын еді және тегін сынақ мерзімінен өтуге де ұсыныс жасағандар болды».

Есіңізде болсын, нақты кәсіби қоғамдастықтарда ішкі топтық байланыстарды қолдап отыру қажет, және де бірнеше өкілмен таныс болсаңыз, барлығымен таныс бола аласыз. Ақпаратпен кәсіби түрде айналасатындар — журналист, маркетолог және пиарщик мамандар — осындай ақпаратты жинауда блог пен форумдардың көмегі көп екенін баяғыдан біледі.

Қызметкерлер құрамын әлеуметтік желілер арқылы қалай таңдайды? Көбінде HR-лер өздеріне қажетті адамдарды тауып алады (тақырыптық қоғамдастықтар мен кәсіби пікір-таластарға қатысу арқылы), достар қатарына қосып, әлеуетті үміткердің жұмыс орнын ауыстыруға құлшынысының бар-жоғын астыртын біліп алады. Егер де үміткер қарсы болмаса, қоңырау шалу мен жеке пікірлесуге кіріседі.

Рекрутерлер профиліңізге көңіл аудару үшін оған өз қызығушылықтар, білім, сертификаттар, жұмыстағы тәжірибеңізді көрсетіңіз. Қызметкерлер құрамы бойынша менеджерлердің 34% үміткерлердің әлеуметтік желілердегі профильдеріне қарап, жұмысқа қабылдамау шешімін қабылдайды екен. Бір жағынан, әлеуетті қызметкерлерді іздеп жүрген менеджерлердің 24 % үміткерлерге жұмысқа тұру ұсынысын дәл сол профильдер арқасында жасаған.

Тұрақты жұмысыңызды ауыстармасаңыз да әлеуметтік желілер арқылы жұмыс іздеуге болады, әсіресе фрилансерлер үшін әлеуметтік желілер көп мүмкіндік ұсынады. Кәсіби ұсыныстардың көбісі уақытша жұмысты талап етеді, мысалы, бір реттік жобалар үшін.

Тұрақты жұмысқа арналған қызмет орындар жалпы санның үштен бір бөлігін құрайды. Әлеуметтік желілердің бір артықшлығы — ақпараттың өзектілігі. Бос орын жабылғаннан кейін немесе жұмыс шарттары өзгерген кезде интернет-бетке өзгертулер жасалынады. 

Айла-алдау мен «тұзаққа» түспес үшін

Әлеуметтік желілердегі жұмыс ұсыныстарына жауап бергенде, абай болыңыз: егер де пікірлесушінің профилі толық толтырылмаған, ал тіркелген уақыты жақында ғана болса, «бір күндіктер» немесе тегін жұмыс жасайтындарды іздеп жүргендерге тап болған шығарсыз. Ақпараты/өнімі/құрал бар дискті алдын ала сатып алу керек секілді ұсыныстарға келіспеңіз.

Сонымен қатар, қырағы бастық жиналыстарда айтылмайтын нәрсені білу үшін және қызметкерлердің беріктігін тексеру үшін олардың блогтарын мониторлау мүмкін екенін тағы ұмытпаңыз. Жұмысқа байланысты ұсыныс алдаусырату болуы да мүмкін, ондай кезде рекрутер жұмыс орны жайында еш ақпарат айтпайды және хат жазысудан бас тартады, бірақ жеке кездесуді көздеп отырады. Әр бастық үшін арнайы тыңшыны жұмысқа алу қымбатқа соғады.

Халықаралық рекрутинг агенттігінің басшысы Энди Пауелл өз анаңызға көрсетуден қорқатын ақпаратты блогқа жариялаудың қажеті жоқ деп айтады. Бұл кеңес кәсіби қоғамдастықтардың мүшелері мен байланыстарыңыз арқылы оңай тауып алуға болатын блогтарға да байланысты. Соңғы кеште түсірілген көңілді фотолар мен іш пыстырар жұмыстан құтылып кетудің амалдары достарыңызға ұнайтыны сөзсіз, бірақ бастығыңыз жақсы интернет- пайдаланушы болса, жағдай басқаша болар. Негізі, Энди Пауэллдың айтуынша, интернетте сіз жайлы жағымсыз ақпараттан қорықпау керек. Негізгі әсерді жеке пікірлесуде қалдыра аласыз. Тек әрекеттеріңіз жүйелі болсын.

Егер де кез келген нәрсе жайында жазамын десеңіз және ол жайында кім, не айтса да, бәрібір болса, онда жеке блог аккаунтты ашып, оны кәсіби аккаунтпен байланыстырмаңыз.

Әлеуметтік желілер арқылы жұмыс іздеу кім үшін тиімді?

Бұл сұраққа сарапшылар бір дауыстан: менеджер, шығармашылық және техникалық мамандықтардың қызметкерлері, «ақ жағалылар» мен интернетпен байланысты адамдар. Қаржы саласы, рекрутинг, маркетинг пен жарнама мамандарының интернетпен байланысы көп болғандықтан, оларға жұмыс жайында ұсыныстарды әлеуметтік желілер арқылы табу оңай. Олар осы ұсыныстарға тез жауап береді де.

Әлеуметтік желілер арқылы мансапқа жету дәл сізге қажет екенін қалай білуге болады?

Бұл сізге пайдалы болар, егер де:

— мамандығыңыз интернетті мониторлау, ақпаратты жинау мен адамдармен байланыс жасауға қатысты болса;

— сіз гипер-тіл тапқыш болсаңыз, жазбаларды жаңартуға, пайдаланушылар пікірлеріне, пікір-таластарға қатысуға аптасына бірнеше сағатты бөлуге қиын болмаса;

— бірнеше жобаны бір уақытта жасай алсаңыз;

— сізге кәсіби кепілдеме бере алатын таныстарыңыз болса.

Танымал әлеуметтік желілердің тізімі:

1. www.linkedin.com

2. www.facebook.com

3. www.twitter.com

4. www.vkontakte.ru

Mojazarplata.kz

Loading...