Ал еңбекақы әлі де төмендеуде...

Ғаламды шарпып өткен экономикалық дағдарыс тұсында жалақы көрсеткішінің күрт төмендеуі ешкімді де таңқалдырмайды. Көпшілік бұны қалыпты құбылыс деп қабылдауда. Осы жайттарды назарға ала отырып, Халықаралық еңбек бюросы (ХЕБ) биылғы жылдың соңына дейiнгі өзгерістерді сипаттайтын арнайы есебін жариялады.
Заполните Анкету о Работе и Зарплате

 

Ғаламды шарпып өткен экономикалық дағдарыс тұсында жалақы көрсеткішінің күрт төмендеуі ешкімді де таңқалдырмайды. Көпшілік бұны қалыпты құбылыс деп қабылдауда. Осы жайттарды назарға ала отырып, Халықаралық еңбек бюросы (ХЕБ) биылғы жылдың соңына дейiнгі өзгерістерді сипаттайтын арнайы есебін жариялады. 

Халықаралық валюта қорындағы үдерістерді жіті бақылап отырған Халықаралық еңбек қоғамының сарапшылары жылдың аяғына дейін әлемде еңбекақы көрсеткіші небары 1,1 пайызға өседі (2008 жылы бұл көрсеткіш 1,7 пайыз болған) деп болжайды, Ал көптеген елдерде бұл төменірек болуы мүмкін. Жалақының төмендеуін өнеркәсібі дамыған елдерден де байқауға болады. 

Ресми есепте осы жылы еңбекақының өсу қарқыны өнеркәсiбi дамыған елдерде 2008 жылғы 0,8 пайыздық көрсеткішпен салыстырғанда 0,5 пайызға дейiн төмендейдi. Сондай ақ сандардың бұлайша құбылуын еңбекақының өсу қарқыны экономикалық өсуден он жылға артта қалып келуімен ұштастырады.

1995 және 2007 жылдар аралығында Жалпы iшкi өнiм кісі басына шаққанда 1 пайызға өскен, ал орташа еңбекақы осы уақыт аралығында небары 0,75 пайызға ұлғайған. Нәтижесінде әлемдегі елдердің төрттен үшiнің Жалпы iшкi өнiмінің еншiсінен еңбекақы қысқарды. 2001- 2007 жыл аралығындағы мерзімде инфляция деңгейi төмен болды. Экономикалық өсу жыл сайын 4 пайызды құрады. Алайда еңбекақының өсуiнiң артта қалуы байқалып, ол әлем елдерiнiң жартысында небары 2 пайыздан кем болды, делінген баяндамада. 

Бiрақ жағдай барлық елде біркелкі емес. Өнеркәсiбi дамыған мемлекеттердiң көпшiлiгiнде және Латын Америкада еңбекақы жыл сайын 1 пайызға өсіп келеді. Бұл көрсеткiш Қытайда, Ресейде және басқада ауыспалы экономикасы бар мемлекеттерде 10 пайыз немесе одан да жоғары. 

Ең жоғарғы және ең төменгі еңбек жалақысының аралығындағы айырмашылық 1995 жылдан бастап мәлiметтерін ұсынған елдердiң үштен екiсiнде көбейген. Бұл көрсеткiш, өкінішке қарай, әлеуметтік ахуалға кері әсер еткен. Егер дамыған елдер туралы айтылса, онда ең жоғарғы және ең төмен еңбек ақының аралығында айырмашалық Германияда, Польшада және АҚШ-та жылдам алшақтауда. Сонымен қатар бұл айырмашылықтар Аргентина, Қытай және Таиланда өлкелердеріне де таралды. 

Әйел мен еркек арасындағы еңбекақы мөлшерінің айырмашылығы тұтастай алғанда өзгеріссіз. Тек соңғы жылдары алшақтық әлсін әлсін жойылып келеді. Әйелдермен ер адамдардың орташа жалақысының қатынасы әлем елдерінің 80 пайызынан астамында көбейгенімен, мұндай өзгерiстiң шамасы елеусіз. Кей кездерде болмашы ғана. Көптеген елдерде әйелдердiң еңбекақысы орта есеппен алғанда ерлердiң еңбекақысының 70-90 пайызын құрайды. Дегенмен басқа өлкелерде, әсiресе Азияда, бұл кiшiсi пайызды көрсетуде. 

1995- 2007 жыл аралығында Жалпы iшкi өнiм кісі басына шаққанда 1 пайызға азайғанда, еңбекақы 1,55 пайызға төмендеді. Осы мәлімет негiзінде, қаржы дағдарысы еңбекақының деңгейіне қандай ықпал тигiзетiні туралы қорытындылар жасалды. Ол болжамдар күннен күнге расталуда.

Зерттеушілердің ойынша, ең төменгі еңбекақы сияқты көрсеткіштерді білу арқылы төмен жалақы алатын қызметкерлердiң сандарын азайтуға және еңбекақыда гендерлік теңсiздiктi қысқарту мүмкіндігі туады.

Халықаралық еңбек қоғамы баяндамасын мынадай ойлармен тұжырымдайды: соңғы жылдарда әлемде ең төмен еңбек ақы туралы мәселе қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік есебінен туындайтын қауіп-қатердің алдын алу мақсатында туындауда. 2001- 2007 жылдарда (қаржы дағдарысының басталуына дейiн) арасындағы нақты есептеудегi әлемдегi ең төмен еңбек ақы негiзiнен орта есеппен 5,7 пайызға көтеріліп отырған. Ең төменгі еңбекақының нақты өлшемі азайады, ал өткен жылдарда бұл сандар біршама өзгерістер енді. Бұдан бөлек ең төменгі еңбекақы орташа еңбекақыға қарағанда өстi. 

Ескерту: Халықаралық еңбек ұйымы — бұл Біріккен Ұлттар Ұйым жүйесiнiң мамандандырылған агенттiгi. Басты мақсаты халықаралық адам құқығы және еңбек саласындағы құқықтарды, әлеуметтiк әдiлеттiлікті қадағалау. 1919 жылы құрылып, 1946 жылы БҰҰ-ның алғашқы мамандандырылған агенттігі аталды. Халықаралық еңбек қоғамы конвенциялар мен ұсыныстар ретінде халықаралық еңбек нормаларын өндейді, еңбек құқығының негiзiн қалайтын аймақтардың ең төменгi стандарттарын бекітеді. Халықаралық еңбек қоғамы БҰҰ жүйесінде сирек кездесетiн үш жақты құрылымға ие. Ол жерде жұмыс берушiлер мен еңбекшiлердiң бiрлестіктері қоғамды басқарушы органдарының жұмысы бар үкiметтерде дауыстары тең. Женевадағы Халықаралық еңбек бюросының Халықаралық еңбек қоғамының секретариаты мен оның жедел штаб-пәтерi зерттеушi және баспа орталығы болып табылады.

Mojazarplata.kz

15.08.09

Хотите знать, достойная ли у Вас зарплата?

Средняя зарплата в Казахстане более 80 тысяч тенге. Можете с этим поспорить? Заполните Анкету о работе и зарплате - примите участие в исследовании реальных зарплат казахстанцев.

Loading...